Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бұл күндері Үндістанның Бхопал қаласында винтовка және тапаншамен нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр.

Бүгін әйелдер арасында10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан қазақстандық Александра Ле қола медальге ие болды. Ол бұл сында 261.2 ұпай жинады. Алтын қытайлық спортшының еншісінде кетсе (265.7 балл), 2-орынға Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері америкалық Мэри Такер қол жеткізді.

Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.