Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Қазақстандық семсерлесуші Руслан Құрбанов Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Германияның Хайденхайм қаласында семсерлесуден Әлем Кубогы өтіп жатыр. Бәсекеге 42 елден 345 спортшы жиналды. Оның ішінде 6 қазақстандық бар.

Бүгін Ұлттық құрама көшбасшысы Руслан Құрбанов қола медаль жеңіп алып, жақсы нәтижеге қол жеткізді. Ол 1/32 финалда Оңтүстік Кореядан келген қарсыласын 15:8 есебімен жеңді. Содан кейін 1/16 кезеңде мажарстандық спортшыны 15:8 есебімен тізе бүктірді. 1/8-де ол италиялық семсерлесушіні жеңді. Есеп – 15:11. Сондай-ақ 1/4 финалда тағы бір мажарстандықты ұтты. Финал жолдамасы үшін таласта Руслан Жапония спортшысына 10:15 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды.

Бүгінгі жарысты мына жерден көре аласыздар.

Ертең командалық жарыс өтеді. Қазақстан құрамасы сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Еңлік Сертай және Александр Савин өнер көрсетеді.