Үндістанның Дели қаласында қол добынан әйелдер арасындағы XX Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Еліміздің командасы бұл жолы Сингапурпен ойнап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп: 39-7. Осылайша, Ұлттық құрама 2 жеңістің арқасында А тобында Оңтүстік Кореямен иық теңестіріп келе жатыр. Екеуінде 4 ұпайдан.