Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 кг) Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, тарихи нәтиже тіркеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол – еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанған төртінші палуанымыз. Осыған дейін Рамзан Муртазалиев (1996 жылы), Әбіл Ибрагимов пен Иосиф Момцелидзе (2000 жылы) әнұранымызды шырқатқан. Бүгін араға 24 жыл салып Ризабек Айтмұхан сол сара жолды жалғады.