Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Самбошылар мен каратэшілер қоржынға кезекті алтын медальдарды салды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында самбошылар мен каратэшілеріміз табысты өнер көрсетіп, әнұранымызды шырқатты, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жлобин қаласында самбодан жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын және 3 қола медаль иеленді. Атап айтар болсақ, Жасұлан Нариманов (58 кг) пен Арнұр Қуатай (71 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Еламан Қойшыбаев (88 кг), Айжан Жылқыбаева (50 кг), Шынар Абатова (72 кг) қола жүлдегер атанды.

WKF каратэден бірінші жарыс күні ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева алтыннан алқа тақты. Ал кумите бағдарламасында Әбілмансұр Батырғали финалға дейін сүрінбей жеткенімен, бас жүлде жолында қарсыласқа жол берді.

Бұл екі спорт түрінен қалған салмақтағы бәсекелер ертең болады.