26.07.2025 | 18:35

СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚЫЛЫШ САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Тбилисиде семсерлесуден өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер арасында жекелей сындағы қылыш жаттығуының сайыстары басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан атынан Айгерім Сарыбай, Карина Доспай, Анастасия Гулик және Татьяна Приходько өнер көрсетті. Топтық кезеңнен тек Айгерім Сарыбай ғана өте алмады, ал қалған үш спортшымыз 1/64 финалға шықты.

1/128 финал нәтижелері:

 Анастасия Гулик – Зухра Кехли (Алжир) — 15:6
 Карина Доспай – Сери Озаки (Жапония) — 15:10
 Татьяна Приходько – Афинаис Маврикаки (Грекия) — 15:11
 Айгерім Сарыбай – топтық кезеңнен ары аса алмады.

Айта кетейік, жекелей сайыстардан кейін бұрымдыларымыз 29 шілдеде басталатын әйелдер арасындағы қылыштасудан  командалық жарысқа қатысады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес