Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Сингапурдағы турнирде ерлер және әйелдер құрамасы жеңіске жетті

Ұқсас жаңалықтар

Сингапурда су добынан Əлем Кубогына іріктеуге арналған Азия құрлығы бойынша халықаралық турнир өтіп жатыр. Бүгін Әсел Жақаева баптайтын Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстаннан 11-9 есебімен басым түсті. Кеше олар Таиланд құрамасын 16-10 есебімен жеңген.

Сондай-ақ кеше Дамир Темірханов жаттықтыратын ерлер құрамасы Иранмен кездесіп, пенальти сериясында есе жіберді. Есеп: 14-15. Ал бүгін біздің ватерполшылар Гонконг құрамасын ойсырата ұтты (22-7).

Бұл турнир 27 наурызда мәресіне жетеді. Азия құрлығынан осы бəсекеде 4-орын алған құрамаға дейін мамыр айында Берлинде өтетін Əлем Кубогына барады.