Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Су добынан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының финалына шыға алмады

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Таиландтың Самутпракан қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан әйелдер құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды. Есеп: 12-16.

Енді Андрей Сазыкин баптайтын команда қола медаль үшін таласады. Екінші жартылай финалда Қытай құрамасы жарыс қожайыны Таиландты 27-2 есебімен жеңді.

Айта кетейік, мұнда жүлдеге қол жеткізген құрамалар келесі жылы Жапонияның Фукуока қаласында өтетін су спорты түрлерінен ХХ Әлем чемпионатына жолдама алады.