Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионы атанды

Ұқсас жаңалықтар

Су добынан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан құрамасынан 12-6 есебімен басым түсті.  Бәсекенің үздік ойыншысы қазақстандық Виктория Христанкова атанды.

Айта кетейік, отандастарымыз Азия чемпионатында алты кездесуде де жеңіске жетіп, барлығы 15 ұпаймен мерзімінен бұрын сары құрлық додасында алтыннан алқа тақты. Енді олар мамыр айында жалауы желбірейтін Әлем Кубогына қатысады.

Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасы жартылай финалда Қытайға 1-10 есебімен жол берді. Ал бүгін олар қола жүлде үшін айқаста Таиландпен кездеседі. Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде Филиппинді 19-6, Гонконгты 22-7 есебімен жеңсе, Иранға 14-15 есебімен есе жіберді. Ал ширек финалда Сингапурды 10-7 есебімен жеңген.

Айта кетейік, әуелде халықаралық турнир ретінде жоспарланған бұл сында Әлем Кубогына Азиядан баратын құрамалар іріктелді.