25.03.2025 | 14:32

СҰЛТАН ӘСЕТҰЛЫ МЕН ИБРАГИМ МАГОМАДОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН СЕНІМДІ ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

Бүгін Иордания астанасы Амманда басталған күрестен Азия чемпионатында Ұлттық құраманың екі спортшысы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әлем чемпионы (U23) Сұлтан Әсетұлы 63 кг дейінгі салмақтағы алғашқы белдесуінде үндістандық Умештің жауырынын жерге тигізді. Енді Сұлтан Қырғызстан палуаны Доолотбек Чойбековпен кім мықтыны анықтайды.

Грек-рим күресінен 72 кг дейінгі салмақта сынға түсетін Ибрагим Магомадов алғашқы айналымда Довон Лиді (Оңтүстік Корея) ұтты. Есеп: 7-1. Енді ширек финалда Магомадов әлем чемпионатының күміс жүлдегері Арам Варданянмен (Өзбекстан) күш сынасады.

Еске сала кетейік, Ибрагим 2023 жылы көктемде Астанада өткен сары құрлық чемпионатында жеңімпаз атанған.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес