23.01.2025 | 09:54
Бөлісу:
УНИВЕРСИАДАНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕСІН ШОРТ-ТРЕКШІЛЕР АЛДЫ
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада қоржынымызға тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Шорт-тректен аралас эстафетада Қазақстан командасы мәреге үшінші болып жетті. Бұл сында Алина Ажғалиева, Малика Ермек, Дінмұхамедалдияр Тәжібай мен Валерий Клименко жарысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: