Қытайдың Чжаоцин қаласында өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатының кезекті жарыс күнінде Қазақстан әйелдер құрамасы турнир қожайындарымен кездесіп, 6:21 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан – Қытай 6:21
Голдар:
3 – Воронцова
1 – Цой, Аносова, Починок
Ертең отандастарымыз Жапониямен, ал 2 наурызда Өзбекстанмен шеберлік байқасады. Азия чемпионатының финалына шыққан қос ұжым шілде айында Сингапурде өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.