Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ВИКТОР ДРУЗИН ПАРИЖДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Отандасымыз Виктор Друзин Франция астанасы Парижде өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем Кубогында алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы еркін бағдарламада төрешілерден 127.2000 балл алды. Күміс 126.670 ұпайы бар Мариос Кристаста (Грекия). Үздік үштікті тағы бір Грекия спортшысы түйіндеді.

Еске сала кетейік, осы жаттығудың техникалық бағдарламасында су спортынан тұңғыш әлем чемпионымыз Эдуард Ким күміс жүлдеге қол жеткізген.

Осымен Париждегі жарыс аяқталады. Ел намысын барлығы 24 спортшы қорғады. Барлығы 22 елден келген 167 спортшы сынға түсті.