27.07.2025 | 11:46

ЖҮЗУДЕН ӘДІЛБЕК МУСИН ҚАЗАҚСТАН РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Су спорты түрлерінен Сингапурда өтіп жатқан әлем чемпионатында жүзуден Әділбек Мусин бірінші сайысында бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында жерлесіміз 23.33 секунд көрсеткішін тіркеп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға тұрақтады.

Жартылай финалға тек 16 спортшы өтеді. Егер өзге жүзушілер белгілі бір себеппен жарысты жалғастырмайтын болса, Әділбек оның орнын алмастырады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес