Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Жеңіл атлетикадан VI жазғы Спартакиада аяқталды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Алматы қаласында жеңіл атлетикадан ҚР VI жазғы Спартакиадасы өз мәресіне жетті. Үш күнге жалғасқан турнир қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамасы 16 алтын, 4 күміс, 5 қола жүлдемен медальдар саны бойынша топ жарды. Екінші орында Қарағанды облысының командасы иеленді (10 алтын, 10 күміс, 12 қола). Үздік үштікті Алматы қаласының атлеттері түйіндеді. Спартакиадаға 17 облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 275 спортшы қатысты.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Дмитрий Карпов Спартакиаданы қорытындылады:

«Спартакиада қорытындысы бойынша ұлттық құрамада өзгерістер болады. Нәтижелеріне қарап, үздіктерді таңдаймыз. Команданы жасақтап 10 шілде күні Азия чемпионатына қатысу үшін Таиландқа аттанамыз. Одан кейін 19-27 тамыз аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысамыз. Сосын Қытайдағы Жазғы Азия ойындарына дайындаламыз», - деді Дмитрий Карпов Спортты дамыту дирекциясының баспасөз-қызметіне.

Соңғы жарыс күнінің нәтижелері:

Ерлер, 5000 метрге жүгіру:

1. Ислам Абылханұлы ( Ақтөбе облысы)

2. Максим Фроловский (Алматы)

3. Данияр Орманғали (Жетісу облысы)

Эстафета 4х400 метр:

1. Шығыс Қазақстан облысы

2. Павлодар облысы

3. Солтүстік Қазақстан облысы

Әйелдер, 5000 метрге жүгіру:

1. Каролин Чепкоеч Кипкируи (Шығыс Қазақстан облысы)

2. Татьяна Нерознак (Қостанай облысы)

3. Аяна Болатбекқызы (Жетісу облысы)

Эстафета 4х400 метр:

1. Қарағанды облысы

2. Павлодар облысы

3. Қостанай облысы.