Алматыдағы WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазір Қазақстан құрамасы 4 алтын, 3 күміс, 8 қола медальмен жалпы есепте 3-орында келе жатыр. Барлығы 15 медаль. Бірінші орында Жапония (10 алтын, 4 күміс, 3 қола), одан кейін Иран (4 алтын, 4 күміс, 10 қола) тұр. Назарларыңызға бүгін жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық спортшылардың тізімін ұсынамыз:
Алтын, жасөспірімдер (кумите)
Әлихан Қадырғали (76 кг)
Елнұр Төребек (55 кг)
Күміс, ката U21:
Владлена Сигалова
Қола, кумите (жасөспірімдер):
Әлішер Тайжан (76+ кг)
Әсел Сағидулла (48 кг)
Айшабибі Шарахан (53 кг)
Лаура Сағынбек (66 кг)
Асылай Савидолла (66+ кг).