Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әбілмансұр Әбділқайыр мен Арнаш Бауыржан әлем чемпионы атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Оман мемлекетінің астанасы Маскатта шахматтан әуесқойлар арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Швейцариялық жүйе бойынша өткен сында Қазақстан құрамасы 2 алтын медальмен жалпы есепте 2-орын алды.

23 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Әбілмансұр Әбділқайыр (ерлер) мен Арнаш Бауыржан (әйелдер) чемпион атанды.

Көш басында барлығы 6 медаль (оның төртеуі алтын) алған Моңғолия тұрса, Үндістан үздік үштікте (2 күміс, 1 қола). FIDE ұйымдастырған дода 3 жас санаты бойынша (U17, U20, U23) өтті. Биыл барлығы 8 елдің ойыншысына жүлде бұйырғанын айта кетейік.