Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Аида Бауыржанова Ұлттық құрама үшін тарихи жүлденің иегеріне айналды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте аяқталған спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында команда көшбасшысы Аида Бауыржанова қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

26 жастағы Аида еркін жаттығуда 13.066 ұпай алды. Ол – әйелдер арасында құрлық додасында медаль алған алғашқы қазақстандық атлет. 1996 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Азия чемпионатында әйелдер сайысында бізге жүлде болмай келген.

Бүгін бас жүлдені Эмма Малабуйо (Филиппин, 13.300 ұпай) уысына түсірсе, Ксинью Чен (Қытай, 13.133 ұпай) күміспен күптелді. Аида осы сында маусымдағы ең көп ұпайына қол жеткізді.

Аида биыл Әлем кубогы кезеңдерінде екі мәрте финалға шыққан. Германиядағы финалда 12.733 ұпай (7-орын), ал қатарда 11.500 балл (8-орын) жинаған.

Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.