Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЛЕКСЕЙ ЛУЦЕНКО ОЛИМПИАДАНЫ 52-ОРЫНДА АЯҚТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Париж Олимпиадасында велоспорттан ерлер арасындағы топтық жарыс аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Алексей Луценко мәреге 52-ші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 6 сағат, 26 минут 57 секунд. Жеңімпаздан 7 минут 23 секунд қалып кетті. Өкінішке қарай, Евгений Фёдоров жарысты орта жолда аяқтап, мәреге жете алған жоқ.

Осы тұста Алексей мен Евгений әр жылдары жастар арасында (U23) әлем чемпионы атанған велошабандоз екенін айта кетейік.

Бүгін жарыс жолына барлығы 50-ден астам мемлекеттен 90 спортшы шықты. Олар 273 шақырымды жүріп өтті. Бельгиялық Ремко Эвенепул Париж Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы атанды (6:19:34). Француз Валентен Мадуа күміспен күптелді. Үздік үштікті тағы бір француз Кристоф Лапорт түйіндеді.