Грек-рим күресінен Ұлттық құрама спортшысы Бейбіт Қорғанов (97 кг) Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Германиялық спортшы Антон Эрих Виевег отандасымыздан мықты екенін көрсетіп, қола жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.