Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әлем чемпионатында стенд атудың скит бағдарламасындағы жарыс аяқталды

Ұқсас жаңалықтар

Баку қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында стенд атудың скит бағдарламасында үздіктер анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін аралас командалық сында іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан-2 құрамасы 11-орын алды. Давид Почивалов пен Зоя Кравченко жұбы 143 тәрелкені дәл көздеді. Екі спортшымызға қола медаль үшін таласуға 4 ұпай жетпей қалды.

Ал сапында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко бар еліміздің алғашқы құрамасы 18-сатыға табан тіреді. Олардың еншісінде 142 балл.

Бұл сында барлығы 46 жұп шеберлік байқасты. Қола жүлде жолында Ұлыбритания құрамасы Перуден басым түссе (44-42), АҚШ мергендері украиналық қарсыластарынан үстем болды (43-42).

Биыл мамырда Алматы қаласында өткен рейтингтік Әлем Кубогында Әсем мен Эдуард аралас сында күміс жүлдегер атанған. Сосын, жазда Италиядағы Әлем Кубогында 3-орын алған.

Есіңізде болса, былтыр қазан айында Хорватияның Осиек қаласындағы әлем чемпионатында Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко скит бағдарламасында қола жүлдеге қол жеткізген.