Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ӘЛІМХАН СЫЗДЫҚОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Грек-рим күресінен ауыр салмақтағы (130 кг) отандасымыз Әлімхан Сыздықов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз финалда ирандық бозкілем шебері Фардин Шабан Хедайатимен шеберлік байқасып, есе жіберді. Есеп: 0-7.

Еске сала кетейік, Әлімхан осыған дейін 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс алса, 2022 жылы Ұлан-Батырда чемпион атанған. Сондай-ақ ол 2023 жылы Астанада 3-орыннан көрінген.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.