Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ӘЛІШЕР ЕРҒАЛИ ШИРЕК ФИНАЛДАҒЫ ҚАРСЫЛАСЫН КҮТЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны (97 кг) Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Әл-Елсайед Элдерсті тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Есеп: 6-2.

Біраздан соң Әлішер ширек финалда әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күш сынасады.

Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада. Ол Токиодағы ойындарда алжирлік палуанды ұтып ширек финалға шыққанымен, кейін аса тартысты белдесуде қарсыласына есе жіберген.