Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

ALTA VALTELLINA TROPHY: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 2 АЛТЫН, 1 КҮМІС МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Италияның Бормио қаласында шорт-тректен Alta Valtellina Trophy халықаралық жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Мұнда еліміздің екінші құрамасы сынға түсті. Санаулы сəттер бұрын эстафетада Қазақстан ерлер командасы мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды. Жарыс жолына Нұртілек Қажғали, Айбек Темірхан, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов пен Дамир Құрманов шықты. Күміс жүлде Францияға бұйырса, үштікті жарыс қожайыны Италия түйіндеді.

Ал осыған дейін Нұртілек Қажғали 1000 метрге жарыста чемпион атанса, Валерий Клименко 500 метрде мәреге екінші жеткен. 

Айта кетейік, турнир ертең мәресіне жетеді.