Париж Олимпиадасында брейкингтен ерлер арасында топтық кезең өтіп жатыр. Отандасымыз Әмір Закиров D тобындағы екінші батлында Billy-ді (Марокко) айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Раундтар бойынша есеп: 2-0 (7-2, 8-1)
Енді біздің B-boy D тобында Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен белгілі бишімен шеберлік байқасады.
Фото: Тұрар Қазанғапов.