Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АНАСТАСИЯ ГОРОДКО ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ӘЛЕМ КУБОГЫНДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Канаданың Валь Сент-Ком елді-мекенінде өтіп жатқан фристайл-могулдан Әлем Кубогының кезеңінде отандасымыз Анастасия Городко күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы параллель могулда финалға шығып, америкалық Джаелин Кауфтан сәл қалып кетті. Еске сала кетейік, жартылай финалда Анастасия 2018 жылғы Олимпиаданың чемпионы, француз Перрин Лаффоннан озып кеткен.

Айта кетейік, 19 жастағы Городко биыл Алматыда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс жүлдеге қол жеткізген. Бүгін ол ересектер арасында Әлем Кубогында бірінші жүлдесін мойнына тақты.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.