Түркияның Анталья қаласында таеквондодан G1 санатына кіретін Turkish Open халықаралық жарысы аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы ересектер арасында 3 медаль жеңіп алды. Алғашқы жарыс күні Жансель Дениз (73 кг) финалда қарсыласқа жол берген. Ал бүгін Самирхон Абабакиров (73 кг) күміс жүлдегер атанса, Руслан Жапаров (+87 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, кадеттер, жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекені қоса алғанда турнирге 60 мемлекеттен 1900-ге жуық татами шебері жиналды.

Сурет Түркия таеквондо федерациясынан алынды.