Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Ақтауда триатлоннан Азия чемпионаты аяқталды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Ақтау қаласында ересектер арасында триатлоннан Азия чемпионаты өтті. Құрлықтың таңдаулы спортшылары әуелі 1500 метрге жүзіп, 40 шақырым велосипедпен жарысты. Ал жеңімпаз 10 шақырымға жүгіруден кейін анықталды.

Ерлер арасында жапониялық Рен Сато топ жарса, тағы екі отандасы одан кейін мәре сызығын кесті. Қазақстандық Аян Бейсенбаев мәреге 4-болып жетті. Әйелдер арасында да алтын Жапонияға бұйырды. Күміс пен қола қытайлық атлеттердің еншісінде. Мұнда да қазақстандық Екатерина Шабалина 4-орын алды.

«Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының серіктестері – «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен SportQory қамқоршылық қоры.