Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Әлем Кубогының күміс жүлдегері атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стенд атудан Алматыдағы Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды. Скит бағдарламасында аралас жұптық сында біздің спортшылар Италия-2 құрамасына жол берді. Атап айтар болсақ, мұнда Таммаро Кассандро мен Кьяра Кайнеро (Олимпиада чемпионы және күміс жүлдегері) сынға түсті. Ал қола медаль Италия-1 құрамасына бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко жұбы былтыр Хорватияда өткен әлем чемпионатында аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алған.

Бүгінгі жарысты мына жерден көре аласыздар.