Бүгін стенд атудан Ұлттық құрама спортшысы Әсем Орынбай Париж Олимпиадасының жолдамасын алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Скит бағдарламасында бақ сынайтын отандасымыз жаңартылған әлем рейтингінде 1-орнын сақтап қалып, қалған жалғыз квотаға қол жеткізді.
Әсем былтырғы Әлем Кубогы финалының жеңімпазы (Доха), әлем чемпионатының қола жүлдегері (аралас жұптық сын, 2022 жыл, Хорватия);
Әлем Кубогы кезеңінің 3 дүркін қола жүлдегері (2021, 2022, 2023 жыл), Әлем Кубогының 2 дүркін жеңімпазы (2023 жыл, Рабат пен Алматы);
XIX жазғы Азия ойындарының 2 дүркін чемпионы (скиттен командалық және аралас жұптық сын, 2022 жыл, Ханчжоу), XIX жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері (скиттен жекелей сын);
Бұл стенд ату шеберлерінің еншісіндегі 3-жолдама. Осыған дейін Эдуард Ещенко (скит) мен Мария Дмитриенконың (трап) Франция астанасына баратын «билетке» ие болған.
Қазір Қазақстан командасының қоржынында 54 лицензия болды.
Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.