Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АСТАНАДА ШАХМАТТАН КОМАНДАЛЫҚ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

1-6 тамыз аралығында Астана қаласындағы «Конгресс-центр» ғимаратында шахматтан рапид және блиц бойынша командалық  әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жарысқа 31 мемлекеттен 200-ден астам ойыншы тіркелген. Бұл қатарда Магнус Карлсен, Хоу Ифань, Цзюй Вэньцзюнь, Дин Лижэнь, Александра Костенюк, Ян Непомнящий, Нодирбек Абдусатторов, Ян-Кшиштоф Дуда, Прагнанандха Рамешбабу, Винсент Кеймер, Катерина Лагно және еліміздің үздік шахматшылары бар.

Рапид турнирі: әр ойынға 15 минут. 12 раунд швейцариялық жүйе және әр жүріс үшін 10 секундтан.

Блиц-турнир: Блиц-турнир екі кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде командалар топтастырылып, айналым жүйесі бойынша ойнайды. Үздік 16 команда екінші кезеңге, яғни плей-офф кезеңіне өтеді. Уақытты бақылау – әр ойынға 3 минут, әр жүріске 2 секундтан қосылады.

Чемпионаттың ашылу алдында ФИДЕ-нің 100 жылдығына арналған 45-ші шахмат Олимпиадасының салтанатты алау эстафетасы өтеді. Эстафета 1 тамызда сағат 19:00-де Мемлекеттік рәміздері алаңынан (Қабанбай батыр даңғылы, 3/1) Амфитеатрға дейін (Тұран даңғылы, 2/6) өтеді. Эстафетаға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов, әлемнің үздік шахматшылары, қазақстандық спортшылар мен қайраткерлер қатысады.

Сағат 20:00-де Амфитеатрда рапид және блиц бойынша командалық әлем чемпионатының салтанатты ашылуы басталады.

*Әлем чемпионаты өтетін жер: Астана қаласы, Гейдар Алиев 12 мекенжайы.