Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Асыл Айтақын – Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында 61 кг дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын Асыл Айтақын финалда жарыс қожайыны Тайырбек Жумашбекуулына 1:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бұл - біздің палуандар қол жеткізген екінші күміс медаль.

Күндізгі сессяда Асыл Палестинадан келген Әли Әбурумайланы (6-0), Моңғолия палуаны Энеболду Энгбатуды (11-0), ал жартылай финалда үндістандық Акаш Дахияны (11-0) жыққан.