Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Асылжан Есенгелді Албаниядағы әлем чемпионатында күміс медаль алды

Ұқсас жаңалықтар

Асылжан Есенгелді 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Отандасымыз Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан бәсекенің финалында Башир Магомедовке (Ресей) есе жіберді. Есеп: 0-4.

Еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы (61 кг) кеше аса тартысты өткен жартылай финалда қырғыз бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түскен. Оған дейін алғашқы белдесуінде жапониялық Каито Моританы, ширек финалда үндістандық палуан Акаш Дахияны сенімді жеңді.

Тиранадағы чемпионат 29 қазанда аяқталады. Биыл мұнда осы жас санатындағы былтырғы 13 әлем чемпионы өз атағын қорғауға келді. Оның ішінде алтауы еркін, төртеуі грек-рим күресінде.