Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Аян Бейсенбаев пен Екатерина Шабалина Азия чемпионы атанды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Сауд Арабиясының Эль-Хубар қаласында аяқталған триатлоннан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына қос алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Əйелдер арасында Екатерина Шабалина алдына жан салмай, мəреге бірінші жетті. Оның уақыт көрсеткіші 1 сағат, 50 секунд. Одан кейінгі сатыға Қытай мен Гонконг спортшысы жайғасты.

Осыдан соң ерлер арасында Қазақстан құрамасының көшбасшысы Аян Бейсенбаев топ жарды. Ол жарыс жолын 55 минут, 32 секундта бағындырды. Күміс Гонконг, қола Жапония атлетінің еншісінде.

Тағы бір Ұлттық құрама өкілі Дарын Қонысбаев 7-ші, Мейірлан Ысқақов 11-ші, Темірлан Теміров 15-сатыдан көрінді.