Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЯНА ЖОЛДАС ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕДІ

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін Энгадинде (Швейцария) фристайл-акробатикадан әлем чемпионатының іріктеу бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Әйелдер арасындағы жекелей сында қатысқан отандасымыз Аяна Жолдас 74.82 ұпаймен он екінші орыннан көрініп, ақтық бәсекеге жолдама алды.

Сондай-ақ ерлер арасында бақ сынаған спортшыларымыз Асылхан Асан (97.50 ұпай) 16-шы, Дінмұхаммед Райымқұлов  (97.20) 18-ші, Шерзод Хаширбаев (95.88) 19-шы және Ұланбәкір Өмірзақов 24-ші орынмен жарысты аяқтады.

Айта кетейік, чемпионатқа 10 елден 45 үздік атлет қатысып жатыр. Финал сайыстары ертең өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.