Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Әйелдер мен ерлер құрамасы жүлдеге қол жеткізді

Ұқсас жаңалықтар

Стенд атудан Қазақстан құрамасы XV Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Скит бағдарламасында Әсем Орынбай, Зоя Кравченко мен Ольга Панарина 337 ұпаймен командалық сынның күміс жүлдегері атанды. Мұнда 363 ұпай жинаған Қытай мергендері топ жарса, үздік үштікті Таиланд түйіндеді.

Ерлер арасында Эдуард Ещенко, Александр Ещенко мен Александр Мухамадиев үштігі (Қазақстан) Үндістан мен Оңтүстік Кореядан кейінгі сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасының 24 жолдамасы сарапқа салынып жатқан сары құрлық чемпионаты 2 қарадаша аяқталады. Биыл 30 мемлекеттен 800-тен астам мерген жиналды. Ел намысын 80 спортшы қорғап жатыр.