Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ АМЕРИКАЛЫҚ ПАЛУАНҒА ЕСЕ ЖІБЕРДІ

Ұқсас жаңалықтар

Еркін күрестен әлем рейтингінің көшбасшысы Азамат Дәулетбеков (86 кг) Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде америкалық Аарон Маркел Бруксқа жол берді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Енді Аарон ширек финалда Алжир немесе Жапония палуанымен күш сынасады. Егер америкалық финалға шықса, отандасымыз жұбаныш белдесуінде күреседі.

Айта кетейік, бұл Азаматтың алғашқы Олимпиадасы. Ол – әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері, 3 дүркін Азия чемпионы, ҚР VI жазғы Спартакиадасының жеңімпазы.

24 жастағы Аарон АҚШ-тың Олимпиадаға іріктеу турнирінде Токио Олимпиадасының чемпионы, 3 дүркін әлем чемпионы Давид Тейлорды 2 рет жеңіп, Парижге келді.