Еркін күрестен Қазақстан командасының көшбасшысы Азамат Дәулетбеков (86 кг) ертең Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Санаулы сəттер бұрын отандасымызды алғашқы белдесуде жыққан америкалық Аарон Маркел Брукс жартылай финалда Магомед Рамазановтан (Болгария) ұтылып қалды.
Фото: Тұрар Қазанғапов.