Бүгін Бенин мемлекетінің Котону қаласында бадминтоннан халықаралық турнир мәресіне жетті. Жекелей сында өнер көрсеткен отандасымыз Дмитрий Панарин үздіі сегіз спортшының қатарынан көрінді. Іріктеуден сүрінбей өткен Дмитрий 1/16-да жерлігілікті спортшыны екі партияда ұтса, ізін ала Кот-д'Ивуар өкілінен де екі партияда басым түсті. Ал ширек финалда малайзиялықпен болған тартысты ойын 21-16, 14-21, 21-15 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді.
Қазақстандық жарыс қорытындысы бойынша 900 ұпайға ие болды. Айта кетейік, Benin International бәсекесіне барлығы 65 бадминтоншы қатысты.