Индонезия астанасы Джакартада баскетболдан ерлер арасында XXX Азия Кубогы басталды. Бүгін Қазақстан Ұлттық құрамасы алғашқы ойында Жапониямен кездеседі. Матч елорда уақытымен сағат 16:30-да басталады. Онлайн-трансляция мына платформада: www.courtside1891.basketball.
Жапония 1966 және 1971 жылы құрлық чемпионы атанған. Сонымен қатар Азия чемпионатында Оңтүстік Кореядан кейін финалға ең көп шыққан құрама. ФИБА-ға 1936 жылы қосылған. Олимпиададағы үздік нәтижесі 9-орын.
Біздің топта бұдан бөлек, Иран мен Сирия бар. Әр топта 1-орын алған құрама тікелей ширек финалға шықса, 2-3-орын алған құрамалар өзара 1/4-тің жолдамасын сарапқа салады. Қазір Иран құрамасы Азия рейтингінде 2-ші, әлемде23-орында. Бүгінгі қарсылас Жапония Азияда 7-ші, әлемде 38-ші сатыда. Қазақстан құрамасы құрлықта 10-шы, әлемде 68-орында тұр. Ал Сирия Азияда 15-ші, әлемде 83-сатыға жайғасқан.

Азия Кубогына іріктеу 2020 жылы басталған. Қазақстан ұлттық құрамасы топтағы 6 матчтың 4-еуінде жеңіске жетіп, 2-орынмен финалдық кезеңге өтті.
Қазақстан – Палестина: 79:76
Қазақстан – Иордания: 68:71
Палестина – Қазақстан: 56:93
Шри-Ланка – Қазақстан 52:111
Қазақстан – Шри-Ланка 107:37
Иордания – Қазақстан 80:70.
Айта кетейік, Азия Кубогы 2 жылда бір рет өтеді. Қазақстан ерлер құрамасы алғаш рет 1995 жылы Оңтүтсік Корея астанасы Сеулдегі бәсекеге қатысып, 5-орыннан көрінген. Осы аралықтағы үздік көрсеткішіміз 4-орын (2007 жылы). Қалған нәтижелер:
1995 — 5-орын
1997 — 13-орын
1999 — ФИБА іріктеу өткізген жоқ
2001 — іріктеуден өте алмады
2003 — 7-орын
2005 — 10-орын
2007 — 4-орын
2009 — 9-орын
2011 — іріктеуден өте алмады
2013 — 8-орын
2015 — 11-орын
2017 — 16-орын
Осыған дейінгі Азия Кубогының жеңімпазы Аустралия. Иран құрамасы күміс, Оңтүстік Корея қола медальді қанағат тұтты.

