Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Баскетболдан Қазақстан құрамасы топта 4-орын алды

Ұқсас жаңалықтар

Баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы Сирия астанасы Дамаскте өтіп жатқан Азия құрлығындағы олимпиадалық іріктеу турниріндегі соңғы матчта Сауд Арабиясынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екі команда арасындағы ойын 66-79 есебімен аяқталды. Бұл Қазақстанның турнирдегі 3-жеңілісі. Отандастарымыз қалған 2 кездесуді өз пайдасына шешкен. Матчта Ұлттық құрама сапында ең көп ұпайды Роберт Пан жинады (14). Қарсылас сапынан Мұхаммед Алсувайлем өте белсенді, әрі нәтижелі қимылады (23 ұпай).

Қазақстан – Сауд Арабиясы ойынының шолуы

Сирияда барлық матчта жеңген Бахрейн құрамасы топ жарып, Олимпиада жолдамасы үшін таласты жалғастарады. Ал Сауд Арабиясы 2-ші, Үндістан Қазақстанның алдын орап, 3-сатыға жайғасты.