Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БАТЫРХАН МЕН САМИРХОННЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Париж Олимпиадасында таеквондошымыз Самирхон Абабакиров (58 кг) пен Батырхан Төлеуғалидың (80 кг) кіммен күш сынасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Самирхон алғашқы айналымда Вито Делль'аквиламен (Италия) кім мықтыны анықтамақ.

Самирхон G1 турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Кубогы мен VI жазғы Спартакиаданың жеңімпазы. Жеке бапкері – Нұрсұлтан Мамаев.

Вито – осы салмақта Токио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионатының жеңімпазы және қола жүлдегері, Еуропа чемпионы, Гран-при турнирлерінің чемпионы.

Ал командадағы ең жас спортшы (18 жаста) Батырхан Исмаэль Кулибалимен (Мали) сынға түседі. Қарсыласы – әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.