13.02.2025 | 08:29
Бөлісу:
БИАТЛОН: АЗИАДАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЭСТАФЕТАДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
Санаулы сəттер бұрын Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына тағы бір қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Биатлоннан әйелдер арасындағы эстафетада (4×6 км) Ұлттық құрама мәреге үшінші жетті.
Жарыс жолына шыққан Ольга Полторанина, Арина Крюкова, Дарья Климина мен Елизавета Белецкая төрттігі Қытай (алтын) мен Оңтүстік Корея спортшыларынан қалып кетті.

Бүгін барлығы 5 мемлекеттің әйелдер құрамасы жүлдеге таласқанын айта кетейік. Енді бүгін Астана уақытымен 10:00-де ерлер эстафетада биатлоннан соңғы жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Айта кетейік, бұл – биатлоншылардың IX қысқы ойындағы 3-медалі. Осыған дейін жекелей сында Владислав Киреев чемпион, Вадим Куралес күміс жүлдегер атанған.
Фото: Тұрар Қазанғапов.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БИАТЛОН: VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН НЕ КҮТЕМІЗ?
БИАТЛОН: АРИНА КРЮКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 4-САТЫДА АЯҚТАДЫ
КИРИЛЛ БАУЭР УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ