11.02.2025 | 10:48
Бөлісу:
ЖАРАЙСЫҢ! ВЛАДИСЛАВ КИРЕЕВ – ХАРБИНДЕГІ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті. Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды. Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль.


Ал Әсет Дүйсенов 30:40.6 секунд тіркеп, 6-сатыға тұрақтады. Александр Мухин (31:03.8 секунд) нәтижесімен 7-орында қалды.
Бүгін жекелей сында барлығы 33 спортшы жарысты.
Еске сала кетейік, Вадим Куралес 2023 жылғы Универсиаданың чемпионы және жасөспірімдер арасындағы Әлем Кубогының 2 дүркін күміс жүлдегері атанған.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БИАТЛОН: VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН НЕ КҮТЕМІЗ?
БИАТЛОН: АЗИАДАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЭСТАФЕТАДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
БИАТЛОН: АРИНА КРЮКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 4-САТЫДА АЯҚТАДЫ
КИРИЛЛ БАУЭР УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ