11.02.2025 | 07:41
Бөлісу:
БИАТЛОН: АРИНА КРЮКОВА АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 4-САТЫДА АЯҚТАДЫ
Бүгін IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан әйелдер арасында 7,5 шақырым спринт өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Мұнда Ұлттық құрама спортшысы Арина Крюкова (23:06.5 секунд) жүлдеге қол созым жерге тұрақтап, 4-сатыдан көрінді.
Ал Ольга Полторанина 23 минут, 17.8 секундта жүріп өтіп, бестікке кірді. Дарья Климина 23 минут, 30.7 секундта жетіп, 7-орынды місе тұтты. Тағы бір отандасымыз Полина Егорова 13-сатыға табан тіреді.
Еске сала кетейік, бұл тәжірибелі Ольга Полторанинаның 4-ші қысқы ақ Азиадасы. Ол осыған дейін эстафетада қола (Аомори, 2003 ж), күміс (Чанчунь, 2007 ж) және алтын медаль (Алматы, 2011 ж) жеңіп алған.
Бұл сында Екатерина Аввакумова (Оңтүстік Корея) топ жарды. Күміс пен қола Қытай спортшысында. Енді Харбинде әйелдер арасында биатлоннан командалық эстафета ғана қалды.
Ұйымдастырушылар таратқан ақпарат бойынша белгілі себепке байланысты биатлон жарысы тікелей эфирде көрсетілмейді.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
БИАТЛОН: VI ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН НЕ КҮТЕМІЗ?
БИАТЛОН: АЗИАДАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ ЭСТАФЕТАДА ҮЗДІК ҮШТІКТЕ
КИРИЛЛ БАУЭР УНИВЕРСИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ