Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БИБІСАРА АСАУБАЕВА МЕН АЛЕКСАНДРА ГОРЯЧКИНА 5 ЖАРЫМ САҒАТ КІМ МЫҚТЫНЫ АНЫҚТАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Францияның Монако Князьдігінде шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при кезеңінің 3-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Осы серияда сынға түсетін жалғыз отандасымыз Бибісара Асаубаева бұл жолы әлем чемпионы (U20) Александра Горячкинамен шеберлік байқасты. Ағылшын мәнерінде басталған ойын ортасында қарсыластар тең тарқасатындай көрінген. Алайда Горячкина тізгінді әр жүріс сайын қолына алып, басым түсті де, жүлде үшін таласқа қайта қосылды. Екі шахматшы 5 жарым сағаттан астам уақыт тыным таппады.

Енді бүгін 4-турда Бибісара үнді гроссмейстері Харика Дронавалимен кездеседі.

Фото: FIDE.