Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

Бирмингем Қазақстан үшін нәтижелі Дүниежүзілік ойынның біріні айналды

Ұқсас жаңалықтар

Бүгін АҚШ-тың Алабама штатындағы Бирмингем қаласында XI Дүниежүзілік ойындар аяқталды. Қазақстан құрамасы мұхиттың арғы бетіне 8 спорт түрінен 16 спортшы апарып, 4 медаль (1 алтын, 2 күміс, 1 қола) жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан делегациясы Португалиямен бірдей көрсеткіш көрсетіп, жалпы есепе 37-сатыға тұрақтады. Осы тұста АҚШ-тар барлығы 73 ел жүлдеге қол жеткізгенін айта кетейік.

Каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева жарыстың 2-күні өз салмағында қарсылас шақ келтірмеген еді. Ал джиу-джитсудың неваза түрінен сынға түскен Галина Дуванова мен муай-тайдан 2 дүркін әлем чемпионы Алмаз Сәрсембеков ақтық сында сүрінді. Сондай-ақ спорттық акробатикадан Даниэль Диль мен Вадим Шуляр жұбы үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан Дүниежүзілік ойындарға алғаш рет 1993 жылы Нидерланд Корольдігінің Гаага қаласында 20 спорт түрінен қатысқан. Сол сында бізге 1 алтын, 1 күміс пен бір қола бұйырған. Ал ең нәтижелісі 2017 жылы Вроцлав қаласында (Польша) өткен ойындар. Ол кезде 27 спорт түрінен сынға түскен қазақстандықтар 1 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншілеген. Бирмингем жүлде саны мен сапасы жағынан 2-орынға шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Бирмингемде әлемнің әр елінен келген 3500-ден астам атлет 34 спорт түрінен 223 медаль жиынтығын сарапқа салды. Соның ішінде Қазақстандық спортшылар 8 спорт түрі – кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу, спорттық акробатика, брейкинг, WKF каратэден жүлдеге таласты.

Дүниежүзілік ойындар 1981 жылдан бастап 4 жылда бір рет, олимпия ойындарынан кейінгі жылы ұйымдастырылады. Дүниежүзілік ойындар 2001 жылдан бастап Халықаралық Олимпиада комитетінің қол астына көшті. Әуелі тек олимпиада бағдарламасына кірмейтін спорт түрлерінен өтетін. Бертін келе 4 жылдықтың басты бәсекесіндегі спорт түрлері қосылды. Мәселен, Бирмингемде көркем гимнастика, садақ ату, құзға өрмелеу сынды олимпиадалық спорт түрінен жүлде сарапқа салынады. Ал лакросс, каноэ-марафон, дрон жарыстыру, кикбоксинг, брейк-данс, паркур мен арқан тартыс секілді спорт түрінен алғаш рет Дүниежүзілік ойындарда жарыс өтеді.