Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БОКСШЫ АИДА ӘБІКЕЕВА ФИНАЛДА КҮШ СЫНАСАДЫ

Ұқсас жаңалықтар

Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде әйелдер арасында екінші отандасымыз ақтық сынға шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Санаулы сәттер бұрын 63 кг дейінгі салмақтағы Аида Әбікеева жартылай финалда Таиланд спортшысы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Тхананья Сомнуекпен шығып, айласын асырды. Жарыс қожайыны алғашқы секундтарда басымдықты алуға тырысқанымен, Аида аяқта жеңіл қимылдап, қарымта шабуылдарды сәтті пайдаланды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.