07.09.2025 | 07:14

БОКСТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ: 6 ҚЫРКҮЙЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕРІ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

World Boxing ұйымы өткізіп жатқан алғашқы жаһандық доданың үшінші жарыс күні де мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан тарапынан төрт спортшы сынға түсіп, оның үшеуі келесі кезеңге өтті. 70 келідегі талантты жастардың бірі, Ұлттық құраманың ең жас өкілі Төрехан Сабырхан мінез көрсетіп, шешуші раундта Алжир боксшысын екі мәрте нокдаунға жіберді. Нәтижесінде ол 3:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

Кешкі сессияда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келідеге Виктория Графеева күтпеген жерден қарсылыққа тап болды. Косово елінен келген Донжета Садикуды тек 3:2 есебімен ғана жеңді.

75 келіде Надежда Рябец бойы аласа болса да, әлем чемпионы, Қытай өкілі Лина Вангқа қарсы соңғы секундқа дейін аянып қалмады. Әйтсе де төрешілер жеңісті қарсыласқа берді. 60 келіде өз мүмкіндігін алған Бейбарыс Жексен филиппиндік Джунмилардо Огаириден (Филиппин) сенімді өте білді. Есеп 5:0.

Ертең, 7 қыркүйек күні Қазақстан атынан 5 отандасымыз бақ сынайды.

Күндізгі сессия 5-жұп.  Шамамен 16:00. 55 келі.

Махмұд Сабырхан – Бриан Оуен Ортиз (Мексика)

9-жұп. Шамамен 17:00. 80 келі. Нұрбек Оралбай – Матвей Ражба (Украина)

Кешкі сессия, 2-жұп. Шамамен 22:15. 57 келі.

Карина Ибрагимова – Элиз Глинн (Англия)

8-жұп. Шамамен 23:45. 70 келі. Санамача Чану Зочом (Үндістан) – Наталья Богданова

14-жұп. Шамамен 01:15. Ертуған Зейнуллинов – Хуго Грау (Франция)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес