Facebook Instagram Telegram
Logo ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы
Қазақ стрелка вниз

БОКСТАН ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІ ҚОРЖЫНДА

Ұқсас жаңалықтар

Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалда Мурад Аллахвердиевті (Әзірбайжан) тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Төрешілер есебі 5-0. Демек, отандасымыздың еншісінде кемі қола медаль бар.

Енді Нұрбек жартылай финалда Кристиан Хавьер Пиналеспен (Доминикан) күш сынасады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай – былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері. Мурад Еуропа ойындарының қола жүлдегері атанған.

Сурет: Сали Сабиров.